«Жүк пойызы үшін». Алакөлге баратын халықты 6 сағат қапырық вагонға қамап қойған

Qaz365.kz редакциясы
скрин

Алакөлге бара жатқан туристерді пойыз вагонына алты сағат қамап қойған. Өйткені жолаушылар пойызы жүк пойызының өтіп кеткенін күтіп тұрған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Алакөлге бара жатқан жүздеген жолаушы 6 сағат бойы ми кептіретін қапырық вагонның ішінде қамалып отыр дейді. ҚТЖ жүк пойыздарын алдымен өткізетін жүйе жасап қойған деседі. Туристік маусымда осы жүйеге өзгеріс жасауға болады ғой. Ақтоғайдың тұсы ылғи осы. Пойыздың ішінде тұншығып отырған жұртқа жаның ашиды.Біздің халықтың табиғаты жалпы төзімді ғой. Ауыз су жоқ, желдеткіш құрал жоқ. Не тысқа шығармайды. Халыққа бір жұтым су ұсынуға жарамаған ҚТЖ-ға да бәрібір секілді. Алакөлге баратын қауымға бір кулер, қайтатын қауымға бір кулер деп шақтап қойыпты. Ең құрығанда «неғып тұрмыз?» деген жолаушыларға жарытып жауап беруге де жарамаған ғой.Өткенде «Алакөлге қырғын турист тасимыз» деп қоппаланып отыр еді. Ұят болды ғой, - дейді журналист Думан Бықай.

Вагон ішіндегі жолаушылар да ашулы.

Мынау, масқара ғой. Алты сағаттан бері күтіп отырмыз. Бала-шағамен өте қиын. Тамағымыз да бітті,  - дейді жолаушылар.