Оған 2022 жылы іздеу жарияланған еді.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың бауыры, кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.
Tengrinews.kz Құқықтық статистика органдарының порталынан 2022 жылы жарияланған Мұрат Боранбаевты іздеу туралы ақпарат жоғалып кеткеніне назар аударған. Агенттік басылым сауалына жауап беріп, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бауыры ұсталғанын хабарлады.
Қаржылық мониторингі агенттігі М.С. Боранбаевты іздеу ұсталуына байланысты 2024 жылғы 24 желтоқсанда тоқтатылғанын хабарлайды, - деп жазылған мемлекеттік органның жауабында.
Еске салайық, 2022 жылы кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны хабарланды. Мұрат Боранбаев Алматыдағы ақылы тұрақтарға қатысты ақша жымқыру ісінде басты күдікті деп танылған болатын. Сол жылы A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.