Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялады

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан азаматтары аман-есен үйлеріне оралған. 

ҚР СІМ

Қазақстан Иран мен Израильдегі азаматтарын сәтті эвакуациялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен жүргізілген шаралар аясында Израильден 66 қазақстандық Мысыр арқылы, ал Ираннан 78 азамат Армения, Әзірбайжан және Түрікменстан аумақтары арқылы елге жеткізілді.

AMP

Қазақстанның Иран мен Израильдегі дипломатиялық өкілдіктері отандастарға қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсету жұмысын жалғастыруда.

AMP

Министрлік өз мәлімдемесінде:

Сыртқы істер министрлігі Израиль, Мысыр және Армения үкіметтеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ эвакуацияға жәрдемдескен Иран, Әзербайжан және Түрікменстандағы әріптестерге ризашылығын білдіреді. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз аман-есен үйлеріне оралды, – деп атап өтті.

AMP

Фото: ҚР СІМ