Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді көрші елдерге көшірудің жолдарын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тәсілдер көп, National Geographic аңдарды бір жерден, екінші жерге қалай көшіретінін көрсетеді. Әрине, ірі аңдарды арнайы контейнермен көшіреді, мысалы, сусиыр, арыстан тағы басқа. Киік енді ұсақ жануар болған соң, қазір ғалымдармен жеткізу мәселесін талқылап жатырмыз, — деп жауап берді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Ол киікті көлікке тиеп, көшіру қажет. Оны тиеген кезде абайлау керектігін де жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік беретіні айтылған.