Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты.
Сенат депутаты әрі ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаевқа қоғамда дау тудырған Kyzdar.net сайты неге әлі күнге дейін жабылмағаны туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қожаевтың айтуынша, қазіргі интернет-ресурстар бұғаттауды айналып өтудің түрлі амалдарын жақсы меңгерген. Бұл сайттар домен атауын немесе IP-адресін сәл ғана өзгерту арқылы қайта ашыла береді.
Құқық қорғау органдарындағы (Марат Қожаев – генерал-лейтенант, ІІМ-нің бұрынғы вице-министрі) жеке тәжірибем бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын көрсетеді. Бірақ интернеттегі қазіргі жүйелердің ерекшелігі сол, олар бұғаттаудан оңай жалтара алады. Мәселен, бір әріпті не нүктені алып тастаса да, ол мүлде басқа – жаңадан ашылған сайт ретінде тіркеледі. Сондықтан бұғаттаудың айналма жолдары өте көп.
Ал егер біз бәрін жаппай бұғаттай бастасақ, ертең өздеріңіз: «Бұл – цензура, сөз бостандығына шектеу!» деп бірінші болып қарсылық білдіресіздер, – деді Марат Қожаев.