Қазақстанда балалар енді екі бірдей үйірмеге тегін қатыса алмайды

Nur-Altay Umirzak

Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған

Сурет: egemen.kz/Орынбай Балмұрат

Қазақстанда балалар енді бір уақытта екі үйірмеге тегін қатыса алмайды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Ваучер алған балалар бұрынғы ережелер бойынша қызмет алуды жалғастырады – олар бір спорттық және бір шығармашылық үйірмеге қатыса алады.

«Алайда пилоттық жоба аясында бұл мүмкіндік жойылады. Ата-аналар мен балалар тек бір үйірмені ғана таңдай алады – яғни, не спорттық секцияны, не шығармашылық үйірмені. Бұл не үшін жасалып жатыр? Біз балалардың қамтылуын арттыруды көздеп отырмыз», – деді Жарасбаев.

Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында ведомство 250 мыңнан астам баланы қамтыған.