Қазақстан халқының нақты саны қанша

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.

Pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының нақты саны қанша екенін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылғы 1 маусымға Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамды құрады. Жыл басынан бергі өсім – 87,2 мың адам, оның ішінде:

табиғи өсім есебінен – 80 мың адам

көші-қон есебінен – 7,2 мың адам

Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады:

 1. Алматы қ. – 2 314 929 адам
 2. Түркістан обл. – 2 150 992 адам.
 3. Алматы обл. – 1 575 657 адам
 4. Астана қ. – 1 566 566 адам
 5. Шымкент қ. – 1 274 296 адам
 6. Жамбыл обл. – 1 220 481 адам
 7. Қарағанды обл. – 1 133 068 адам