Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта жолаушының өмірін аман сақтап қалды

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.

t.me/DenMinPR

2025 жылғы 9 шілдеде Атыраудан Астанаға бағыт алған түнгі рейс кезінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ДСМ мәліметінше, ұшу барысында жасы үлкен жолаушының жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалды. Экипаж дереу әрекет етіп, ұшақ бортында медициналық көмек көрсете алатын жолаушылар бар-жоғын хабарлады.

Сол сәтте бортта болған Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Қайратұлы Абдалиев пен Алматы қаласындағы «Arsamed» клиникасының дәрігері Зағира Анық дер кезінде шұғыл көмек көрсетіп, жолаушыны ауыр жағдайдан аман алып қалды.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекемелердің өкілдері көрсеткен кәсіби әрі үйлесімді әрекет нәтижесінде жолаушының жағдайы бірнеше минут ішінде тұрақтандырылып, ұшақ қонғанға дейін бақылауда ұсталды, - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Қажет болған жағдайда қосымша медициналық тексеруден өтетіні хабарланды.