«Ақша өз шотыңызда қалады»: Зейнетақы қорының қазақстандықтардан алатын «тарифі» төмендейді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жөнінде бүгін Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты

Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жаңа Әлеуметтік кодекске сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарға көрсеткен қызметі үшін ақшаны азырақ алатын болады. Бұл жөнінде бүгін Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы уақытқа дейін біздің жинақтаушы зейнетақы қоры біздің зейнетақы қорымыздан 0,01 пайыз үлесті алып жүрген болатын. Біздің активтерге көрсетілген қызмет үшін! Енді сол қызмет 0,008 пайызға түсті. Яғни БЖЗҚ-ның біздің зейнетақы қорымыздан алатын қаражат кемиді. Ақша көбірек біздің өз шотымызда қалатын болады», - дейді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, бүгін Парламент сенатының депутаттары екінші оқылымда Әлеуметтік кодексті қабылдады. Енді құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.