Бурабайлық есепші жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған

Qaz365.kz редакциясы

Мекеме есепшісі бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған

shipforrent.com

«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі “Halyq Uni” ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, бұл – жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген қаржы.

Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алып, кейін АҚШ долларына ауыстырған. Осылайша, 76 миллион теңгесін Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.

Соттың шешімімен осы іске қатысы бар адамдардың барлығы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық өтелді.