Құрылыс жұмысына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін
Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәлім етті.
Құрылыс жұмысына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
жеңіл көліктер мен автобустардың өтуі уақытша тоқтатылады;
тек жүк көліктері электрондық кезек жүйесі арқылы өте алады (күніне 200-250 жүк көлігі).
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол»-дың Батыс Қазақстан облыстық филиалы шектеулерді енгізу мерзімі кейінге қалдырылғанын хабарлаған болатын. Енді нақты мерзімдер бекітіліп, жұмыстар жоспарға сай басталады.
«Сырым» бекетінің жабылуына байланысты жүргізушілерге мына өткізу пунктерін пайдалануға кеңес беріледі:
«Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) – екіжақты бекет, ҚР және РФ азаматтарына.
Орналасқан жері: Орал – РФ шекарасы, 33 км (KZ07-01 жолы).
«Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) – халықаралық өткізу бекеті.
Орналасқан жері: Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы, 144 км (KZ07-04 жолы).
«Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) – халықаралық өткізу бекеті.
Орналасқан жері: Орал – Тасқала – РФ шекарасы, 104 км (KZ07-06 жолы).