Мойынқұм ауданындағы атыс: облыс әкімі мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Әкім жастарды сабыр сақтап, қақтығыстардан аулақ болуға және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға шақырды.

primeminister.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданында жақында болған атысқа байланысты пікір білдіріп, жастарды арандатушылық әрекеттерге бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңір басшысы Instagram желісіндегі жеке парақшасында қоғам тыныштығын бұзуға қатысты жағдай бойынша құзырлы органдар тиісті шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Ол бұл мәселенің тікелей өзінің бақылауында екенін жеткізді.

Бұл жерде ешқандай ымыраға келу болмайды – заңға сәйкес барлық кінәлілер жауапкершілікке тартылады, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ әкім жастарды сабыр сақтап, қақтығыстардан аулақ болуға және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға шақырды.

Бірлесе әрекет еткенде ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғам құра аламыз, - деп түйіндеді өңір басшысы.