Айтулы шара Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізіліп отыр
«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялар арасында алғаш рет ұйымдастырылған «HR-бренд 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Байқау озық, орнықты HR-тәжірибелерді анықтап, оларды таратуға бағытталған. Маңыздысы – айтулы шара Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізіліп отыр. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту, сапалы білім беру, еңбек институтын нығайту және жастарды болашақ экономикасына тартуға басымдық берілетін тапсырмалары аясында өзектілігін тағы бір арттырды.
Байқауға 9 компания қатысып, бес негізгі номинация бойынша 25 жоба ұсынды. Олардың ішінде кадрларды іріктеу мен дамыту, HR-процестерді цифрландыру, таланттармен жұмыс және қызметкерлердің ынталануы сияқты басымдықтарға екпін түсірілген.
Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша келесі компаниялар жеңімпаз атанды:
● Іріктеу шебері - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ;
● Таланттар сәулетшісі - «Самұрық-Энерго» АҚ;
● HR серпілісі - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
● Белсенділік драйвері - «Қазпошта» АҚ;
● Цифрлық HR жетекшісі - «KEGOC» АҚ.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов байқаудың алғашқы рет ұйымдастырылғанына қарамастан, HR тәсілдердің жетілгенін және адами капиталға инвестиция құю стратегиясының дұрыс таңдалғанын атап өтті. Айтуынша, бұл негізгі даму стратегиясы ретінде адам капиталына инвестиция құю бойынша таңдалған бағыттың тұрақтылығын растайды. Осы тұста айта кетейік, Жұмысшы мамандықтары жылында «Самұрық-Қазына» 200 000-нан астам қызметкердің жалақысы көтерген.
Ұсынылған жобалар тек жекелеген бастамалар емес, қазіргі заманның талаптарына және құндылықтарына сай жүйелі HR шешімдер болды. Олардың негізінде тұрақты еңбек ортасын қалыптастыру, ал басты назарда – еңбек адамы тұр. Қор аясында өндірістік сала қызметкерлерінің кәсіби дамуына басымдық беріледі: 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 12 мыңнан астам жұмысшы оқытудан өтті, оның ішінде халықаралық Atomskills чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар. Бұл – адами капиталға ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін дәлелдейді.
Компания өкілдерінің айтуына сенсек, бұл байқау жыл сайын ұйымдастырылмақ және HR тәжірибелерді дамыту мен еңбек қатынастарындағы жаңашылдықты ілгерілетуге сеп болады. Сонымен қатар, бұл бастама еліміздің еңбек, білім мен бастама ұсыну жоғары бағаланатын әлеуметтік әділ қоғам құруға және адамды құрметтеуге бағытталған басқару мәдениетін қолдаудың маңызды құралы болады. Қазірдің өзінде HR-үдерістердің инклюзивтілігі мен цифрландырылуына айтарлықтай басымдық берілген. Қызметкерлерді іріктеу процестері жеңілдетіліп, цифрландырылды: QSamruk.kz платформасы енгізілді, қағазбастылық толығымен жойылды.
Жоба жеңімпаздарының кейстері www.qsamruk.kz порталында жарияланған.