Түркістан: Отбасын қолдау орталығы өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға көмек береді

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан қаласындағы Сауран тұрғын алқабының тұрғындарына Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылық – қоғам қасіреті» атты профилактикалық іс-шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтырды насихаттау, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады. Одан бөлек, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы мүшелеріне көмек көрсету жолдарын түсіндіруге бағытталған. Іс-шара барысында зорлық-зомбылық түрлері мен белгілері

құқықтық және психологиялық қолдау алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, дағдарыс орталықтарының қызметі мен анонимді кеңес алу мүмкіндіктері айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірлердің барлық аудан, қалаларында жеке «Отбасын қолдау орталығы» КММ-дерін ашу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалаларда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар мен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсететін 17 орталық ашылды. Бірқатар орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беретін жатын орындар ұйымдастырылған. Биыл орталықтардың жұмысын цифрлық платформаға ауыстыру бойынша FSM Social мобильді қосымша іске қосылды. Мобильді қосымша өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға, отбасыларға қолдау көрсету процестерін автоматтандыруға бағытталған. Жүйе арқылы сигнал беру және цифрлық құралдарды қолдану көмекке мұқтаж адамды ерте анықтауға, оған жан-жақты қолдау шараларын жедел түрде көрсетуге және бекітілген жеке жоспарлық іс-шаралардың орындалуын қадағалауға толық мүмкіндік берді.