Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» мамандары тарапынан отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтап, қажетті қолдау көрсету бағыттарын белгілеу мақсатында отбасылармен жоспарлы зерделеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Зерделеу жұмыстары барысында «Отбасын қолдау орталығының» мамандары отбасылардың жағдайымен танысып, әлеуметтік мәселелерін тіркеп, қажетті заңгерлік, әлеуметтік, психологиялық кеңестер мен бағыт-бағдар берді.
Жиналған ақпарат негізінде тиісті қолдау шаралары жоспарланып, жан-жақты көмек көрсетілуде. Отбасын қолдау орталығы тарапынан отбасыларға қолдау көрсету жұмыстарын тұрақты түрде жалғасатын болады. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің рөлі ерекше маңызды. Әлеуметтік мамандардың жұмысының басты бағыты – отбасылармен тікелей жұмыс істей отырып, оларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеп, олардың ішкі әлеуетін көтеруге көмектеседі.
Айта кетейік, «Отбасын қолдау орталығы» көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, демеушілік көмек көрсетуге және қиын өмірлік жағдайдан шығуға үшінші тұлғаларды тарту бойынша тиімді жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ, заң, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетіледі. Одан бөлек, аналарға онлайн түрде ЭЦҚ кілтін алу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тіркеу, сауалнама толтыру, оқыту курстарына тізім жасау, курстар кестесін жасау, тұрғын үй алуға кезекке тұру, құжаттарды қалпына келтіру сынды сұраныстарға көмек береді. Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға да көмек береді.