Түркістанда құқықтық сананы қалыптастыруға арналған шаралар өтуде

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен жолдарда құқық тәртіпті сақтауға, құқықтық сананы қалыптастыруға және жол апатының алдын алуға бағытталған «Нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара аясында құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қоғамға әсерін түсіндіруде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара барысында полицейлер қоғамдық орында, көліктерде және жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернет-алаяқтықтың алдын алуға және жол қауіпсіздік ережелерін сақтауына да баса назар аударды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары жолаушыларға жол қауіпсіздігі туралы бейнероликтер мен QR-кодтары бар жадынамалар таратты. Сондай-ақ, полицейлер азаматтық қару иелеріне оны сақтау ережелері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта жалғасатын табады.

Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтық ағарту немесе құқықтық білім қалыптастырудың мақсатын түсіндіріп, заң ережелерін  насихаттап, азаматтардың күнделікті тұрмыста ұстана алатын дәрежесін жеткізді. Одан бөлек, құқықтық білімді қалыптастыру, оны жүйелі түрде жүзеге асыру, жастардың алған білімнің күнделікті тұрмыс талаптарын насихаттады. Сондай-ақ, полицейлер азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың амалдарын, құқықтық насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін-өзі тәрбиелеу жөнінде мәлімдеді.