Түркістанда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шара өтті

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан қаласында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара Түркістан қалалық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі инспекторлары мен Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар адам құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту тұрғысынан ерекше маңызға ие. Осы ретте, өңірде Отбасы қолдау орталықтарының, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күшімен халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жәбірленушілерге психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсету шаралары кеңінен жүргізілуде. Сонымен қатар, 2025 жылдың елімізде «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» болып жариялануы – отбасылық зорлық-зомбылықпен күресте мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруге бағытталған маңызды шешім. Жаңа заңнамалық өзгерістер мен құқық бұзушыларға қолданылатын қатаң шаралар бұл бағыттағы жұмысты жүйелі етуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында отбасын қолдау орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Жыл басынан бері орталықтардың көмегіне облыс бойынша 700-ден астам адам жүгінген. Оларға психологиялық, құқықтық, заңгерлік кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетіледі. Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуде мұндай орталықтардың маңыздылығы зор. Орталыққа жүгінген тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері болған азаматтарға уақытша баспана да беріледі.