Астанада LRT станцияларының ресми атаулары бекітілді

Qaz365.kz редакциясы

Жүйенің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

facebook.com/maslihat.astana.kz

Астана қалалық мәслихатының депутаттары жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атауларын бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болашақ LRT желісінің станцияларына атау беру мәселесіне арналды.

Халық қалаулылары мына атауларды мақұлдады:

101 – «Әуежай»;
102 – «Атамекен»;
103 – «Есіл»;
104 – «Мәңгілік ел»;
105 – «Астана жұлдызы»;
106 – «Нұра»;
107 – «Университет»;
108 – «Ұлы дала»;
109 – «Астана Арена»;
110 – «Жекпе-жек сарайы»;
111 – «Сығанақ»;
112 – «Бәйтерек»;
113 – «Министрліктер үйі»;
114 – «Ұлттық музей»;
115 – «Театр»;
116 – «Мыңжылдық аллеясы»;
117 – «Жібек жолы»;
118 – «Нұрлы жол».

2025 жылдың маусым айында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалаға алғашқы LRT пойыздарының келе бастағанын хабарлаған еді.

Жүйенің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Бұл кезеңде пойыздар жолаушыларсыз жүретін болады.