"Интим суреттеріңді жариялаймын": оралдық жігіт бұрынғы қызын қорқытып, 9 миллион теңге алған

Qaz365.kz редакциясы

Жігіт 3 жыл бойы бопсалап келген

Скринфото

Оралда 23 жастағы жігіт үш жыл бойы бұрынғы қызын интимдік суреттерін жариялаймын деп қорқытып, жәбірленушіден 9 миллион теңге алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция дерегінше, күдікті қызға суреттерін интернетке шығарамын деп қысым жасап, ақша талап етіп отырған. Жәбірленуші қорқыныштан бірнеше жыл ішінде оған миллиондаған теңге берген.

Бұл деректер банктік аударымдар мен мессенджердегі хаттар арқылы толық дәлелденді. Күдікті соңғы рет 150 мың теңге алу үстінде қолға түсіп, тергеу жүріп жатыр.