Балаға ота жасалды
Қарағандыда бір жарым жасар сәби ойыншықтағы 22 магнит шарды жұтып қойған. Соның салдарынан баланың ішкі ағзалары жарақаттанып, қызуы көтерілген. Дәрігерлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мамандар тексеру кезінде магниттердің бір-біріне жабысып үлгергенін анықтаған. Ішкі ағзаларға зақым келу қаупі болғандықтан, хирургтар кішкентай науқасты бірден операцияға алған. Қазіргі таңда ол сауығып келе жатыр.
«Баланы дереу отаға дайындадық. Барлық магнит алынып тасталды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды», – деді Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Бердібеков.