Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы бағыты бойынша ұшу бағдарламасын кеңейтетіні туралы хабарлайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
2025 жылдың қазан айында рейстердің жиілігі аптасына үш ретке дейін артады. Атап айтқанда, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ұшуға болады. Қазіргі уақытта рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Инин (Құлжа) Қазақстанмен терең тарихи және мәдени байланыстарға ие. Ыңғайлы географиялық орналасуы мен аймақтағы елеулі қазақ диаспорасының арқасында бұл өңір екі ел арасындағы мәдени және экономикалық өзара байланыстардың маңызды орталығы болып қала береді.
Бағыт 2025 жылдың 18 мамырында іске қосылған сәттен бастап рейстер қазақстандық және қытайлық жолаушылар тарапынан тұрақты жоғары сұранысқа ие болып келеді. 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап елдер арасында визасыз режим қолданылады. 2024 жылы Қытайда Қазақстан туризмінің жылы өткен болса, 2025 жыл Қазақстанда Қытай туризмінің жылы болып жарияланды. Рейстердің жиілігін арттыру мемлекетаралық байланыстың дамуына және туристер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуына ықпал етеді.
Алматы – Инин (Құлжа) бағытындағы 2025 жылдың 23 қазанына дейінгі ұшу күндеріне билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы немесе ресми сайт www.flyarystan.com арқылы брондауға болады.
Айта кетейік, FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.