Отбасы банк зейнетақыдан тіс емдетуге ақша беруді тоқтатты

Әдлет Нұран

Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Фото әлеуметтік желіден

2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап азаматтар тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл хабарлама Отбасы банктің ресми сайтында жарияланды.

«Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді», - делінген хабарламада.