Қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Қазақстанда 25 қазан Республика күні аталып өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
2025 жылы мереке сенбі күніне сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады - 25, 26 және 27 қазанда.
2025 жылдың қазан айындағы демалыс күндері мынадай болады:
бес күндік жұмыс аптасында - 25, 26 және 27 қазан демалыс;
алты күндік жұмыс аптасында - 25 пен 26 қазан демалыс, ал 27 қазан жұмыс күні болып қалады.
Нәтижесінде бес күндік жұмыс аптасында қазанда 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.