Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» мен «Оқушылар сарайы» арасындағы ынтымақтастық шеңберінде аналарға арналған іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Іс-шара барысында «Ісмер ана» курсының ашылуы таныстырылып, түрлі бағыттар бойынша курстар ұсынылды. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың қызығушылықтарын арттыруға арналған үйірмелер мен оқу түрлері көрсетілді. Бұл бастама аналардың кәсіптік қабілеттерін дамытуға, баллардың шығармашылық және танымдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. «Ісмер ана» жобасы Түркістан облысында жұмыссыз, көпбалалы немесе мамандығы жоқ аналарға кәсіптік дайындық ұсынады. Жоба аясында аналар тігіншілік, ұлттық киім, түрлі қолөнер түрлерімен айналысуға мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі уақытта «Оқушылар сарайында» 40-тан астам «Ісмер ана» жоба тобы жұмыс істеп жатыр. Мысалы, жобаның 7-ші легіне қатысушы аналарға сертификат табысталды, қала мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау көрсетілді.
«Оқушылар сарайының» директоры Индира Сарқытқызының сөзінше бұл жоба аналарға жаңа мүмкіндіктер ашады - тек кәсіби шеберлікті үйрету ғана емес, сонымен қатар өз ісін бастап, отбасының табысын арттыруына септігін тигізеді. Бұл бастама аналардың өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіби тұрғыда тәуелсіз болуына көмектеседі. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасының әлеуетін көтеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, меморандум аясында осындай жобаларды тұрақты түрде өткізу, аналарға психологиялық және құқықтық қолдау көрсету сияқты қадамдар да қарастырылуда.