Қала күні: Алматыда тұрғындар мен қонақтарға алма ұсынылды

Qaz365.kz редакциясы

Алма – оңтүстік астананың басты нышаны 

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№1 теміржол вокзалының алаңында Алматының Қала күніне орай мерекелік акция өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық киім киген бойжеткендер шаһар тұрғындары мен қонақтарын оңтүстік астананың басты нышаны – алмамен қарсы алды.

Бұл акция Алматының қонақжайлығын тағы бір мәрте еске салып, қатысқандардың бәріне мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Қала символы - алма осы күндері Алматыға келген әрбір жанға ыстық ықылас пен шын жүректен шыққан алғыстың белгісіндей табыс етілді.