Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жабамын деп сынға қалды

Qaz365.kz редакциясы

Тележүргізуші қоныс тойын өткізген. 

instagram.com/zhumabek_zhanykulov

Белгілі дінтанушы әрі теолог Нұрлан Байжігітұлы журналист Динара Сәтжанның жұбайына шапан жапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, кәсіпкер Жұмабек Жанқұлов әлеуметтік желіде:

Жұрт имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты, – деп жазды.

Ал Динара Сәтжан жаңа қоныстарында өткен тойға Нұрлан имамды арнайы шақырып, оның Құран оқып бергенін айтты:

Алғашқы қоныс тойымызды өткіздік. Ата-анамыздың ақ батасын алдық. Нұрлан имам келіп, құран бағыштады, – деді ол.

Дегенмен бұл жайт әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбірі имамның әрекетін құптамай:

«Нұрлан имам кімге шапан жабуды жақсы біледі»,

«Жеке имам болып кеткен бе?»,

«Неге шапан жапты?»

«Ылғи байлардың ортасында жүреді», – деп сын айтты.