Арман Шаққалиев базардан келісін 4200 теңгеден ет алғанын айтты
Qaz365.kz тілшісі Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен супермаркеттегі қандай отандық өнімдерді таңдайтыны жайлы сұрады.
Министр базардан ет алғанын, супермаркеттен көбіне “күріш, күнбағыс майы, қымыз” сияқты отандық өнімдерді алатынын айтты.
— Жарнама болмас үшін сауда маркасын атамай-ақ қояйын. Бірақ негізінен күріш, күнбағыс майы, ет секілді отандық тауарларды тұтынамыз. Кейде импорт өнімдерін де аламыз, бірақ басым бөлігі – өзіміздің өнімдер. Жақында іссапармен Қарағандыға бардым. Сол жерде супермаркеттен сүт өнімдері мен Жаңаарқаның қымызын сатып алдым. Ал киімге келсек, оны көбіне жұбайым электронды сауда арқылы таңдайды. Соңғы рет отандық өнім ретінде – Skif галстугының бір-екеуін алдым”, – деді министр.