Алматыда жылыту маусымы ерте басталады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл шешім мегаполистегі ауа райының күрт сууына байланысты қабылданған.

freepik.com

Алматыда 8 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Бұл шешім мегаполистегі ауа райының күрт сууына байланысты қабылданған.

Алматыда ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне байланысты, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап қалада орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіледі, – делінген Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының хабарламасында.

Басқарма мәліметінше, ең алдымен жылу әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептер мен медициналық мекемелерге беріледі. Ал көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу 10 қазаннан басталмақ.

Сонымен қатар әкімдік «АлТС» компаниясында циркуляциялық режим іске қосылғанын, бұл барлық ауданды жылуды жедел қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.