Бурабайдағы атаулардың қазақша қате жазылуы желідегілердің ашуын туғызды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: ruh.kz

Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қазақша атаулар қате жазылған. Әлеуметтік желі белсенділерінің видеоға түсіріп, қателерді көрсеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мысалы, орысша «Голубой залив» сөзін қазақша «Көк Сығанақ» деп аударған. Негізі дұрысы – Көк шығанақ болады. Ал Сығанақ кезінде Ақорда мемлекетінің астанасы болған қала атауы.

Сол секілді биші қайыңдар саябағы деген жазуда «қайыңдар» сөзінде «ң» әрпін қолданбаған.

Кебістас деген атауды «Туфелька жартасы» деп жазған.