Вице-министрдің айтуынша, бұл азаматтардың қарызының басым бөлігі екінші деңгейлі банктерден алынған несиелерге тиесілі болған.
Қазақстанда бүгінде 45 200 азамат ресми түрде банкрот деп танылды, ал олардың жалпы қарызы 180 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Вице-министрдің айтуынша, бұл азаматтардың қарызының басым бөлігі екінші деңгейлі банктерден алынған несиелерге тиесілі болған.
Қазіргі таңда бұл қарыздардың барлығы толықтай кешірілді. Заң азаматтарға қаржылық міндеттемелерін шешуге нақты көмектесіп отыр, – деді Біржанов Үкіметтегі баспасөз конференциясында.
Кімдер банкрот деп танылды:
13 мыңнан астам адам – бес жылдан астам уақыт бойы қарызын өтей алмаған борышкерлер;
шамамен 2,5 мың азамат – әлеуметтік осал, аз қамтылған отбасылар.
Олардың барлығының берешегі толықтай жойылған.
Ержан Біржановтың айтуынша, банкроттық рәсімі толығымен автоматтандырылған және соттан тыс жүргізіледі. Бұл жүйе адам факторын барынша азайтып, процестің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң тиімді жұмыс істеп жатыр. Адам шешіміне тәуелді қайталама қараулар немесе субъективті шешімдер болмайды, – деп атап өтті вице-министр.