Жыл басынан бері бала күтіміне 631 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Qaz365.kz редакциясы

Оның ішінде 46,5 миллиард теңге бала тууға арналған біржолғы жәрдемақыларға бағытталған

gov.kz

Елімізде 2025 жылдың басынан бері бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыларға 631 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 46,5 миллиард теңге бала тууға арналған біржолғы жәрдемақыларға бағытталған. Бұл төлемді 257,5 мыңнан астам азамат алған. Тек қыркүйек айының өзінде 26,7 мың отбасы 4,8 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы алған.

Биыл бала тууға арналған жәрдемақының мөлшері төмендегідей белгіленген:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Ал бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.