Қазақстан 2025 жылдың соңына дейін сиыр етін экспорттауға шектеу енгізеді

Qaz365.kz редакциясы

Министрліктің түсіндіруінше, мұндай шектеулердің басты мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Pixabay.com

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республиканың аумағынан ірі қара мал етін (сиыр етін) шығарудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстаннан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сиыр етін экспорттауға сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі.

Бұл шешім 2025 жылғы 29 тамызда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде дайындалған.

Министрліктің түсіндіруінше, мұндай шектеулердің басты мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту және ішкі нарықтағы сиыр еті бағасының тұрақтылығын сақтау.