Келер жылы ораза қашан басталады

Qaz365.kz редакциясы

ҚМДБ діни күндер күнтізбесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни мерекелер күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күнтізбе бойынша қасиетті Рамазан айы 2026 жылы 19 ақпанда басталады.

Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Ораза айт мерекесі 20 наурызда, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырда аталып өтеді.

Айта кетейік, Рамазан айының басталуы мен мерекелердің нақты уақыты астрономиялық есептеулер мен айдың көрінуіне байланысты Діни басқарма тарапынан қосымша нақтылануы мүмкін.