Зейнетақы жинағын ипотеканы өтеуге қолдануға мүмкіндік берілмек

Qaz365.kz редакциясы
Getty Images

Индустрия және құрылыс министрлігі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесіне түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа жобада зейнетақы жинақтарын ипотекалық несиені өтеуге, яғни негізгі қарызды жабуға, ай сайынғы төлемді азайтуға немесе несие мерзімін қысқартуға рұқсат беру көзделген.

Құжатта бұл өзгерістер жаңа Салық кодексінің редакциясымен байланысты екені айтылған. Атап айтқанда, енді Қазақстан резиденттері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынған зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 21 қарашаға дейін қоғам талқысына шығарылды.