FlyArystan Ақтау – Дубай бағытына әуебилеттерге жеңілдік жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады

flyarystan.com

Қазақстандық лоукостер FlyArystan күз-қыс маусымына арналған жаңа халықаралық бағыт — Ақтау – Дубай – Ақтау рейстеріне арнайы жеңілдік акциясын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Науқан 2025 жылдың 17 қарашасы сағат 11:00-ден 18 қараша сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жолаушылар 2025 жылдың 29 қарашасынан 2026 жылдың 28 наурызына дейінгі кезеңге арналған сапарлар үшін тиімді бағада билет сатып ала алады.

Арнайы тарифтер:

  • Ақтау → Дубай бағыты — 53 000 теңгеден*
  • Дубай → Ақтау бағыты — 59 000 теңгеден*

Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады. Алғашқы кезеңде ұшулар аптасына бір рет – сенбі күндері жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында, сондай-ақ 2026 жылғы 10–24 наурыз аралығында қосымша сейсенбі күнгі рейстер де жоспарланған.

FlyArystan-ның стандартты тарифіне кездейсоқ таңдалатын бір орын және өлшемі 56×23×36 см, салмағы 5 кг-ға дейінгі бір қолжүк кіреді.

Билеттер мен қосымша қызметтерді flyarystan.com сайтынан, мобильді қосымша арқылы немесе өзге ресми сату арналары арқылы рәсімдеуге болады.

*Баға валюта бағамына байланысты аздап өзгеруі мүмкін.