Оның айтуынша, мемлекет шын мұқтаждарға жәрдемдесуі керек
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенаттағы үкімет сағатында бюджет шығыстарын оңтайландыру және әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үкімет басшысының сөзінше, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында базалық шығыстар 15 пайыздан 12 пайызға дейін қысқартылған, бірақ әлеуметтік салаға түсетін қаржылық жүктеме әлі де айтарлықтай жоғары.
«Бүгінде әлеуметтік төлемдер мен түрлі қолдау шаралары жалпы бюджеттің шамамен 60 пайызын құрап отыр. Бұрын бұл көрсеткіш 40 пайыздан асқан еді. Үш жылдық бюджет шеңберінде бұл үлесті 38 пайызға дейін төмендеттік және оңтайландыру жұмысы жалғасады», — деді Бектенов.
Премьер-министр әлеуметтік көмек тек объективті себептермен жұмыс істей алмайтын азаматтарға ғана көрсетілуі тиіс екенін баса айтты.
«Жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да», — деді ол.