Кентауда жаңа туған нәрестенің мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

Qaz365.kz редакциясы

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда

Кентау қаласында жаңа туған нәресте табылды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде. 

Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.