Басты мақсат – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін сезіндіру
Қазақстанның мемлекеттік туы мен ел картасы бейнеленген салмағы 100 келі болатын алып торт қала тұрғындарына тегін таратылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Игі бастаманың авторы – бизнес-продюсер Шалқар Қайратұлы.
Ол бұл шараның басты мақсаты мерекелік көңіл-күй сыйлау ғана емес, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін сезіндіру екенін атап өтті.
«Ал достар, мына жерде Қазақстанның туымен, Қазақстанның жерімен 100 келілік әдемі торт. Осыны қайырымдылық мақсатында халыққа таратамыз. Келіп жеткен Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!»- деді бизнес-продюсер Шалқар Қайратұлы.