Биыл пітір садақа мөлшері - 535 теңге
85 грамм алтыны не сондай құнға ие байлығы бар адам бір жылда бір рет Ораза айт намазы оқылғанға дейін пітір садақаны беруге міндеттелген.
Ол – жаңа туылған сәбиден бастап қартқа дейін уәжіп етілген (беру міндетті емес, бірақ, берсе жақсы) садақа. Пітірді отағасы береді.
Пітір садақасының мәні – өмірге келіп, жер басып жүргені үшін беріледі. Сонымен бірге маңайындағы мұқтаж адамдарға "адамдық қасиетін" әйгілеп берілетін көмек.
Ең алдымен туыс-туғандардың ішіндегі жоқ-жітіктерге, жетім-жесірлерге және басқа да мұқтаждарға беріледі. Егер ондай туыс-туғаны болмаса, көрші-қолаң арасындағы мұқтаждарға беріледі. Міне бұл – әр адамның өз туыстары мен көршілері және дос-жарандары алдында жауапкершілігі бар екенін білдіретін адамгершілік амалы.
Биылғы пітір садақа мөлшері - 535 теңге.
Дереккөз: Informburo