Бұл бастамалар инклюзияны дамытуға және өңір тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған
Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры ExxonMobil және «Теңізшевройл» (ТШО) компанияларымен бірлесіп Атырау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Бұл бастамалар инклюзияны дамытуға және өңір тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ExxonMobil-мен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – STEM hanym жобасы. Жоба аясында өңірдегі 300 әйел, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары, оқудан өтіп, STEM-жаттықтырушы сертификаттарын алды.
ТШО-мен серіктестік аясында Құлсары қаласындағы бес мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Бұл кабинеттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар 158 баланы қамтып, мектептерде мамандардың кешенді қолдауын қамтамасыз етеді.
Samruk-Kazyna Trust «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Қор өкілдерінің айтуынша, бизнес пен қайырымдылық ресурстарын біріктіру тұрақты әлеуметтік шешімдерді іске қосуға және жергілікті қауымдастықтардың дамуын қолдауға мүмкіндік береді.