2025–2026 жылдардың қысқы маусымында қала аумағында 11 әлеуметтік (тегін) мұз айдыны жұмыс істейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған мұз айдындары келесі аудандарда орналасқан:
- Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы және Тұңғыш Президент қорының саябағы (Ганди көшесі);
- Алатау ауданы – «Almaty Arena»;
- Медеу ауданы – Республика сарайы, «Халық Арена», 28 панфиловшылар саябағы;
- Наурызбай ауданы – аудан әкімдігі аумағында;
- Түрксіб ауданы – «Авиатор» стадионы;
- Жетісу ауданы – «Kokjiek Garden» және «Гүлдер» саябақтары;
- Алмалы ауданы – ҚБТУ автотұрағы аумағында.
Әлеуметтік мұз айдындар қыс бойы ашық болады, кіру тегін.