Ұлттық қор – балаларға: 2025 жылдың төлемі қашан түседі

Qaz365.kz редакциясы
Nur.kz

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы үшінші төлем 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей балалардың мақсатты жинақ шоттарына аударылады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зецнетақы қоры (БЖЗҚ) мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылға арналған төлемді 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 18 жасқа толмаған, Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толмаған азаматтары алады.

Сондай-ақ 2008 жылы туған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың мақсатты жинақтары да 2026 жылғы 1 ақпанға дейін олардың шоттарына толық көлемде аударылады.

БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жыл үшін бір балаға тиесілі төлем сомасы әзірге нақты белгіленген жоқ. Ол 2026 жылға арналған мақсатты талаптар сомасы мен 2025 жылдың соңындағы кәмелетке толмаған Қазақстан азаматтарының санына қарай есептеледі. Бұл деректер Ұлттық банк ұсынған мәліметтер негізінде айқындалады.

Салыстыру үшін айта кетейік, 2024 жылы қазақстандық балалардың шотына 100,52 АҚШ доллары, ал 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары аударылған болатын.