Қазақстанда 15 пен 25 жас аралығындағы азаматтар үшін пойыздың жоғарғы орындарына берілетін жеңілдік мөлшері 33 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жеңілдік алу үшін құны 3 мың теңге болатын KETTIK33 дисконттық картасын рәсімдеу қажет. Карта бір жыл бойы жарамды.
Сонымен қатар, 60 жастан асқан азаматтарға барлық теміржол билеттеріне 25 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ол үшін QURMET дисконттық картасын алу керек. Картаның құны – 3 мың теңге. Бұл карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеуінсіз билет сатып алуға мүмкіндік береді.
Алайда жеңілдіктер келесі кезеңдерде қолданылмайды:
– 2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы;
– 2026 жылғы 25–30 желтоқсан аралығы;
– жазғы маусымда, яғни маусымнан тамызға дейін.
Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, бұл бастама жастар мен зейнеткерлердің теміржол көлігімен қатынауын қолжетімді етуге бағытталған.