Тұрғындар шағымданып жатыр
Атырауда тұрғындар көшедегі өткір иіске шағымданып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қала тұрғыны Ернұр Мұхтарұлы өзінің парақшасында қаладағы жағдай туралы видео жариялады
Бейнеде қаладағы ауыр жағдай көрініп тұр.
Қала әкімшілігінің айтуынша, бұған себеп – Каспий теңізінің жағалауында, 85 гектар аумағында қамыс өртенуі. Алайда қала тұрғындары бұл Атыраудағы зауыттың жұмыс істеуінің салдары деп ойлайды.