Наурыз мейрамы қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) қосымша шаралар қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Биыл Наурыз мерекесі кезінде билет тапшылығын болдырмау және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 3 қосымша пойыз бағыты ашылып, олар жалпы саны 20 рейс жасайды. Сонымен қатар сұраныс жоғары бағыттардағы поездарға қосымша вагондар тіркеледі. Нәтижесінде мереке күндері халыққа қосымша 35 мың орын ұсынылмақ.
Қосымша поездар кестесі:
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1» (6 рейс):
Алматыдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Астанадан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент» (8 рейс):
Астанадан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз.
Шымкенттен: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол» (6 рейс):
Ақтөбеден: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз.
Астанадан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Вагондар саны көбейеді
Жаңа рейстерден бөлек, қазіргі жүріп жатқан бағыттарға шамамен 230 тіркеме вагон қосылады. Бұл қадам әсіресе халық көп жүретін пиктік күндері билеттердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.