Еліміздің 5 өңірінде автогаз қымбаттауы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында жазылған

kolesa.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында жазылған, деп хабарайды Qaz365.kz.

Сұйытылған газдың шекті бағасы төмендегідей артуы мүмкін:

▪️Алматыда литріне 65-тен 75 теңгеге дейін;

▪️Алматы облысында 70-тен 75 теңгеге (шалғай аудандарда 75-тен 80 теңгеге) дейін;

▪️Шығыс Қазақстанда 60 теңгеден 70 теңгеге (шалғай аудандарда 65-тен 75 теңгеге) дейін;

▪️СҚО-да литріне 70 теңгеден 75 теңгеге (75-тен 80 теңгеге) дейін;

▪️Абай облысында 60 теңгеден 65 теңгеге (65-тен 70 теңгеге) дейін.

Бұйрық жобасы 17 сәуірге дейін талқыланады.