Таяу Шығыстан эвакуация: Екі күнде 2 мыңнан астам қазақстандық елге оралды

Qaz365.kz редакциясы
pexels

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 3 наурыздан бері аймақтан 12 рейс орындалып, 2 111 адам елге жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінгі жоспарланған рейстерді есепке алғанда, Таяу Шығыс елдерінен барлығы 4 000-ға жуық қазақстандық әкелінеді деп күтілуде. Тек 4-нен 5 наурызға қараған түннің өзінде Air Astana және FlyDubai авиакомпанияларының 5 рейсімен 851 жолаушы ұшып келген.

5 наурызға арналған кесте бойынша Air Astana Джиддадан Ақтау, Атырау және Алматы бағыттарына, SCAT Маскаттан Алматыға, ал Air Arabia Шарджадан Алматыға рейстер орындайды. Сонымен қатар, FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Алматы мен Астанаға қосымша рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.