«Халықтың Ата заңы»: жаңа Конституцияға арналған гимн жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Конституция реформасы бойынша референдум 15 наурыз күні өтеді. 

Фото: Бейнеден кадр

Жаңа Конституция әлі қабылданбағанымен, оны ұлықтайтын әнұран шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнді Қазақстанның танымал 11 әншісі орындаған.

«Халықтың Ата Заңы» атты шығарманың сөзін Арман Манарбекұлы, әнін Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев және Ренат Гайсин жазған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жаңа Конституцияны сынаған белсенді Оразалы Ержанов 2 айға қамауға алынған еді.