«Яндекс біздің адамдарды малай сияқты жұмсайды»: Депутат жол апаттары үшін тек жүргізушіні кінәлауға қарсы

Qaz365.kz редакциясы

Депутат жүргізушілер 8 сағаттан артық 12 сағат жұмыс істесе, Яндекс жауап беруі керек деп санайды

Депутат Мұрат Әбенов егер такси жүргізушілері апатқа ұшыраса, сақтандыруды Яндекс немесе таксопарк төлеуі керек деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұрат Әбенов жүргізушілерге бар жауапкершілікті артуға қарсы екенін ашық айтты. 

«Соңғы жылдары менің байқағаным — Яндекс біздің адамдарды малай сияқты жұмсайды. Қай мемлекетте болсын, Африкада, басқа бір дамымай қалған мемлекеттерде 8 сағаттан артық жұмыс істеткізбейді. Біз мемлекет болып қорғауымыз керек және егер де апатқа ұшыраса, тек қана жүргізушілерді жауапкершілікке тартуға мен қарсымын. Ақша алып отырған таксопарктер бар. Әрқайсысы екі-үш пайыз. Яндекс бар. Неге жөнделмеген автокөлікті жолға шығарады? Неге ол денсаулығы дұрыс болмаса, жолға шығарады? Неге ол 8 сағаттың орнына 12 сағат жұмыс істейді? Сол себептен тек қана жүргізушілерді кінәлап, тек қана соларға жауапкершілікті артқанға мен қарсымын. Дүниежүзінде мұндай апатқа түсетін болса, сақтандыруды оны жұмысқа алған Яндекс жасауы керек», — деді Мұрат Әбенов.

Айта кетейік, Бейбіт Исабаев Жетісу облысының тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды.