Fly Arystan әуе компаниясы Air Astana-дан бөлініп шыққанда билет арзандауы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Әуе компаниясы 2024 жылы жеке бөлініп шығады

Hola News

Қазақстандағы FlyArystan әуе компаниясы 2024 жылы жеке бөлініп шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бекітілген кезеңдік жоспарға сәйкес, 2024 жылы «Эйр Астана» АҚ-дан жеке заңды тұлға ретінде Fly Arystan құрылымдық бөлімшесінің бөлінуі ескеріліп отыр. Бұл қадам бәсекелестік ортаны дамытуға, нарық субъектілері арасындағы бәсеке арқылы әуе билеті құнын төмендетуге оң әсер етеді», - деді А. Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.

FlyArystan – алғашқы қазақстандық лоукостер әуе компаниясы және Air Astana ұлттық тасымалдаушысының құрылымдық бөлімшесі.